Tasu
Тасымал платформасы: жүк, арнайы техника, такси, доставка
Соңғы жаңартылуы: 2026 жылғы 30 шілде · Байланыс: қосымшадағы
«Қолдау қызметі» бөлімі
Құпиялылық саясаты
Осы саясат ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»
2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес жасалған.
1Қандай деректер жиналады
- Барлық пайдаланушыдан: аты-жөні, телефон нөмірі, хэшталған құпиясөз,
өз қалауыңызша аватар, қосымшаның тілі.
- Клиенттен: заказдың барлық мекенжайы мен геолокация нүктелері —
алу нүктесі және бір немесе бірнеше жеткізу нүктесі; жүк сипаттамасы мен
фотолары; «Такси» заказында жолаушы саны.
- Орындаушыдан, модерация үшін: жеке куәлік не шетел паспортының фотосы,
жүргізуші куәлігі, көлік құжаттары, құжаттармен селфи, көлік фотолары,
профиль селфиі, жұмыс қаласы, көлік деректері — маркасы, моделі, жылы,
гос нөмірі.
- Орындаушының орналасқан жері: заказ орындау кезінде «Келдім» және
«Аяқтау» әрекеттерін растау үшін ағымдағы GPS координатасы тексеріледі.
- Автоматты түрде: заказ тарихы, баланс операциялары, қолдау чаты,
push-хабарлама үшін құрылғы токені.
2Не үшін жиналады
- Клиент пен Орындаушыны байланыстыру — платформаның негізгі қызметі;
- Орындаушылардың жеке басы мен көлігін тексеру: жолаушы тасымалы
«Такси» бөлімінде бұл әсіресе маңызды;
- маршрут пен қашықтықты есептеу, минимум бағаны анықтау;
- тариф пен баланс есебін жүргізу;
- қолдау көрсету, дауларды шешу;
- алаяқтық пен теріс пайдалануды болдырмау.
Деректер жарнамалық мақсатта үшінші тарапқа сатылмайды.
3Кім көреді
- Телефоныңыз бен атыңыз — тек заказ бойынша қарсы тарапқа көрсетіледі.
- Заказдың мекенжайлары мен маршруты — сол заказды көрген не қабылдаған
орындаушыларға.
- Құжат фотолары — тек модераторға; басқа пайдаланушыларға ешқашан
ашылмайды.
- Пікірлер, яғни аты мен бағасы, жария көрінеді. Қос рөлде рейтинг
әр рөл бойынша бөлек: клиенттік бағаңыз орындаушы ретінде
көрінбейді және керісінше.
- Хабарландыру жарияласаңыз — мәтіні, суреттері, атыңыз, рейтингіңіз және
байланыс нөміріңіз ол белсенді тұрған мерзімде ашық болады.
4Қайда сақталады
Деректер Supabase бұлттық платформасында шифрланған HTTPS байланысы
арқылы сақталады; серверлер ҚР-дан тыс орналасуы мүмкін. Маршрут есептеу
үшін нүктелердің координаталары маршрут сервисіне — OpenStreetMap және
OSRM — ал карта суреттері үшін тайл-серверіне жіберіледі; бұл сұраныстарға
аты-жөні, телефон немесе аккаунт деректері кірмейді. Push-хабарлама Google
Firebase арқылы жеткізіледі. Тіркелу арқылы сіз деректеріңіздің
трансшекаралық берілуіне келісім бересіз — 94-V Заңның 16-бабы.
5Сақтау мерзімі
Деректер аккаунт белсенді тұрғанда сақталады. Жабылған заказдардың
фотолары, мерзімі өткен хабарландырулардың суреттері мен қаралған
құжат-чектер автоматты өшіріледі.
6Аккаунтты өшіру
Аккаунтыңызды және онымен байланысты дербес деректерді — аты-жөні,
телефон, аватар, құжат фотолары — қосымшаның өз ішінен өшіруге болады:
Профиль → Аккаунтты өшіру. Белсенді заказ болмаса, өшіру бірден
орындалады және кері қайтарылмайды. Аккаунт өшірілгенде екі рөлдің
деректері де жойылады: клиенттік те, орындаушылық та.
Заказ транзакцияларының өзі, жеке басты анықтамайтын анонимденген түрде,
заң бұзушылықты тергеу мақсатында шектеулі мерзімге сақталуы мүмкін.
Қосымша сұрақ бойынша қолдау қызметіне жүгініңіз.
7Сіздің құқықтарыңыз
- Деректеріңізді көру және түзету — «Профиль» бөлімінде;
- Push-хабарламадан бас тарту — қосымшадағы қосқыш не құрылғы
параметрлері арқылы;
- Аккаунтты өшіру — жоғарыдағы 6-бөлім;
- Келісімді кері қайтару — аккаунтты өшіру арқылы.
8Келісім
Тіркелу кезінде «келісемін» белгісін қою — осы Саясатқа сәйкес дербес
деректеріңізді жинауға, өңдеуге және сақтауға берген жазбаша келісіміңізге
теңестіріледі. Келісімді кез келген уақытта аккаунтты өшіру арқылы кері
қайтара аласыз.
Пайдаланушы келісімі
Төменде негізгі ережелер қысқаша берілген. Бөлім нөмірлері
қосымшадағы толық мәтінмен сәйкес келеді: «Профиль → Заңдық құжаттар».
1Жалпы ережелер
- Tasu — Клиент пен Орындаушыны байланыстыратын ақпараттық платформа,
яғни агрегатор; тасымалдаушы емес. Тасымал шарты тараптар арасында
тікелей жасалады.
- Платформа арқылы мына қызметтерге тапсырыс беріледі:
- жүк тасымалы және арнайы техника;
- жолаушы тасымалы — «Такси»;
- жеңіл көлікпен ұсақ жүк жеткізу — «Доставка».
«Такси» мен «Доставка» әкімшілік оларды қосқанда ғана қолжетімді.
2Тіркелу, аккаунт және қос рөл
- Тіркелу үшін нақты телефон нөмірі мен шын ат керек; нөмір Telegram
арқылы расталады.
- Орындаушы ретінде тіркелу — 18 жастан бастап, жарамды жүргізуші
куәлігімен; құжаттарды модератор тексереді.
- Бір аккаунт екі рөлді ұстай алады: Клиент ↔ Орындаушы. Рөл
ауысқанда деректер жойылмайды, бірақ рейтинг әр рөл бойынша бөлек жүреді.
Белсенді заказ бар кезде рөл ауыстыруға болмайды.
3Заказ, маршрут және баға
- Заказ бағасын Клиент ұсынады, Орындаушы келіседі не өз бағасын
ұсынады.
- Бір заказға бірнеше мекенжай қосуға болады; келісілген баға
бүкіл маршрутқа қатысты. Маршруттың бір нүктесі басқа қалада болса — заказ
қалалар аралық болып есептеледі.
- Төлем тараптар арасында тікелей жүреді. Орындаушы платформаға ауысымдық
тариф төлейді, ол балансынан шегеріледі.
4Жолаушы тасымалы «Такси» және «Доставка»
- Жолаушы тасымалында Орындаушы ҚР заңнамасының талаптарын өз бетінше
сақтауға міндетті: жол жүрісі қағидалары, көліктің техникалық жарамдылығы,
қажетті рұқсаттар және жауапкершілікті сақтандыру.
- Мас күйде не жарамсыз жүргізуші куәлігімен заказ қабылдауға қатаң тыйым
салынады — аккаунт біржола бұғатталады.
- Платформа жолаушыны да, жүкті де сақтандырмайды.
5Тыйым салынған жүктер
- Мына заттарды тасымалдауға қатаң тыйым салынады:
- есірткі және психотроптық заттар;
- қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш және өртқауіпті заттар;
- улы және радиоактивті заттар;
- құжатсыз не контрабанда акциз тауарлары;
- ұрланған мүлік, ақша, бағалы қағаздар, банк карталары;
- ҚР заңнамасымен айналымы шектелген өзге кез келген зат.
- Орындаушы күдікті жүктен бас тарта алады және қосымшадағы «Күдікті
жағдай туралы хабарлау» арқылы модераторға жеткізеді.
6Тараптардың жауапкершілігі
- Жүктің жағдайына, тиеу-түсіруге, жол жүрісіне және жолаушының
қауіпсіздігіне байланысты тәуекелдер тараптардың өзінде.
- Дау туындаса алдымен «Қолдау қызметі» арқылы шешіледі.
7Хабарландырулар тақтасы
- Хабарландыру мазмұнына оны жариялаған пайдаланушы жауапты; келісім
тараптар арасында тікелей жүреді. Алдын ала ақша аудармаңыз.
8Деректерді сақтау және органдарға беру
- Заң бұзушылықты тергеу мақсатында заказ жазбалары аккаунт өшірілгеннен
кейін де анонимденген түрде сақталуы мүмкін.
- Құзырлы мемлекеттік органның заңды сұранысы бойынша тиісті деректер
ұсынылады.
9Қорытынды
- Спам мен жалған деректер аккаунттың бұғатталуына әкеледі.
- Платформа Келісімге өзгеріс енгізе алады; өзгерістер қосымшада
жарияланған сәттен күшіне енеді.
Tasu
Платформа перевозок: грузы, спецтехника, такси, доставка
Последнее обновление: 30 июля 2026 г. · Связь: раздел
«Служба поддержки» в приложении
Политика конфиденциальности
Настоящая политика составлена в соответствии с Законом РК
«О персональных данных и их защите» № 94-V от 21 мая 2013 г.
1Какие данные собираются
- От всех пользователей: ФИО, номер телефона, хешированный пароль,
аватар по желанию, язык приложения.
- От Клиента: все адреса заказа и точки геолокации — точка забора
и одна или несколько точек доставки; описание и фото груза; в заказе
«Такси» — число пассажиров.
- От Исполнителя, для модерации: фото удостоверения личности или
загранпаспорта, водительское удостоверение, документы на транспорт, селфи
с документами, фото автомобиля, селфи для профиля, город работы, данные
транспортного средства — марка, модель, год, госномер.
- Местоположение Исполнителя: при выполнении заказа проверяются текущие
GPS-координаты для подтверждения действий «Прибыл» и «Завершить».
- Автоматически: история заказов, операции по балансу, чат поддержки,
токен устройства для push-уведомлений.
2Для чего собираются
- Связь Клиента и Исполнителя — основная функция платформы;
- проверка личности и транспорта Исполнителей: в разделе перевозки
пассажиров «Такси» это особенно важно;
- расчёт маршрута и расстояния, определение минимальной цены;
- учёт тарифов и баланса;
- оказание поддержки, разрешение споров;
- предотвращение мошенничества и злоупотреблений.
Данные не продаются третьим лицам в рекламных целях.
3Кто видит данные
- Ваш телефон и имя показываются только противоположной стороне по
заказу.
- Адреса и маршрут заказа — Исполнителям, увидевшим или принявшим
заказ.
- Фото документов — только модератору; другим пользователям никогда не
раскрываются.
- Отзывы, то есть имя и оценка, видны публично. При двойной роли рейтинг
показывается отдельно по каждой роли: оценка как Клиента не видна
как оценка Исполнителя, и наоборот.
- Если вы размещаете объявление — его текст, изображения, ваше имя,
рейтинг и контактный номер доступны другим пользователям, пока объявление
активно.
4Где хранятся данные
Данные хранятся на облачной платформе Supabase с использованием
шифрованного соединения HTTPS; серверы могут находиться за пределами РК.
Для расчёта маршрута координаты точек передаются сервису маршрутизации —
OpenStreetMap и OSRM, — а для изображений карты тайл-серверу; эти запросы
не содержат имени, телефона или данных аккаунта. Push-уведомления
доставляются через Google Firebase. Регистрируясь, вы даёте согласие на
трансграничную передачу данных — статья 16 Закона № 94-V.
5Срок хранения
Данные хранятся, пока аккаунт активен. Фото закрытых заказов,
изображения объявлений с истёкшим сроком и проверенные чеки-документы
удаляются автоматически.
6Удаление аккаунта
Аккаунт и связанные с ним персональные данные — ФИО, телефон, аватар,
фото документов — можно удалить прямо в приложении: Профиль → Удалить
аккаунт. Если нет активного заказа, удаление происходит сразу и
необратимо. При удалении аккаунта удаляются данные обеих ролей:
и клиентские, и исполнительские.
Сами транзакции по заказам, в обезличенном виде, не позволяющем
установить личность, могут храниться ограниченный срок в целях
расследования нарушений закона. По дополнительным вопросам обращайтесь в
службу поддержки.
7Ваши права
- Просмотр и редактирование данных — в разделе «Профиль»;
- отказ от push-уведомлений — через переключатель в приложении или
настройки устройства;
- удаление аккаунта — раздел 6 выше;
- отзыв согласия — через удаление аккаунта.
8Согласие
Установка отметки «согласен» при регистрации приравнивается к
письменному согласию на сбор, обработку и хранение ваших персональных
данных в соответствии с настоящей Политикой. Согласие можно отозвать в
любой момент, удалив аккаунт.
Пользовательское соглашение
Ниже кратко изложены основные положения. Номера разделов
соответствуют полному тексту в приложении: «Профиль → Юридические
документы».
1Общие положения
- Tasu — информационная платформа, то есть агрегатор, связывающая Клиента
и Исполнителя; не является перевозчиком. Договор перевозки
заключается напрямую между сторонами.
- Через платформу можно заказать:
- грузоперевозки и спецтехнику;
- перевозку пассажиров — «Такси»;
- доставку мелких грузов легковым авто — «Доставка».
«Такси» и «Доставка» доступны только если администрация их включила.
2Регистрация, аккаунт и двойная роль
- Для регистрации нужны действующий номер телефона и настоящее имя;
номер подтверждается через Telegram.
- Регистрация Исполнителем — с 18 лет, с действующим водительским
удостоверением; документы проверяет модератор.
- Один аккаунт может иметь две роли: Клиент ↔ Исполнитель. При
переключении данные не удаляются, но рейтинг ведётся отдельно по каждой
роли. Переключить роль нельзя, пока есть активный заказ.
3Заказ, маршрут и цена
- Цену заказа предлагает Клиент, Исполнитель соглашается или предлагает
свою.
- В заказ можно добавить несколько адресов; согласованная цена
относится ко всему маршруту. Если одна из точек в другом городе — заказ
считается междугородним.
- Оплата происходит напрямую между сторонами. Исполнитель платит
платформе сменный тариф, который списывается с баланса.
4Перевозка пассажиров «Такси» и «Доставка»
- При перевозке пассажиров Исполнитель обязан самостоятельно соблюдать
требования законодательства РК: ПДД, техническая исправность транспорта,
необходимые разрешения и страхование ответственности.
- Категорически запрещено принимать заказы в состоянии опьянения или с
недействительным водительским удостоверением — аккаунт блокируется
навсегда.
- Платформа не страхует ни пассажира, ни груз.
5Запрещённые грузы
- Категорически запрещено перевозить:
- наркотические средства и психотропные вещества;
- оружие, боеприпасы, взрывчатые и пожароопасные вещества;
- отравляющие и радиоактивные вещества;
- подакцизные товары без документов или контрабандой;
- похищенное имущество, деньги, ценные бумаги, банковские карты;
- любые иные предметы, оборот которых ограничен законодательством РК.
- Исполнитель вправе отказаться от подозрительного груза и сообщить
модератору через «Сообщить о подозрительной ситуации» в приложении.
6Ответственность сторон
- Риски, связанные с состоянием груза, погрузкой-разгрузкой, дорожным
движением и безопасностью пассажира, лежат на сторонах.
- При возникновении спора сначала он решается через «Службу
поддержки».
7Доска объявлений
- За содержание объявления отвечает разместивший его пользователь;
договорённость происходит напрямую между сторонами. Не переводите
деньги заранее.
8Хранение данных и передача органам
- В целях расследования нарушений закона записи о заказах могут
храниться в обезличенном виде даже после удаления аккаунта.
- По законному запросу компетентного государственного органа
соответствующие данные предоставляются.
9Заключительные положения
- Спам и ложные данные ведут к блокировке аккаунта.
- Платформа вправе вносить изменения в Соглашение; они вступают в силу
с момента публикации в приложении.